700 азамат кеңес алды
Қостанай облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Ашық есік күні» кең көлемді акциясын өткізді. Оның шеңберінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі мен «бір терезе» тәртібімен азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды.
Акция облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтті. 700-ден астам қызығушылық білдірген адам келіп, олардың ішінен 362 азамат кеңес алды, 29-ы жұмыспен қамтамасыз етілді.
Прокурорлар 15 мемлекеттік орган мамандарының қабылдауын ұйымдастырды. Келушілерге оларды қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңестер беріліп, шығармашылық сайыстар мен спорттық жарыстарға қатысу ұсынылды.
Іс-шараның қоғамда оң бағаланғанына байланысты, жақын арада мұндай акцияларды тағы да ұйымдастыру жоспарланып отыр.