“Тобыл” финалға шықты!
Бүгін ҚР Суперкубогының жартылай финалында Қостанайдың «Тобылы» мен Алматының «Қайраты» кездесті. 
Ойын тартысты өтті деуге негіз бар. Командалар негізінен шабуылға жиі шығып жатты. Есепті 9-минутта «Тобыл» ойыншысы Асхат Тағыберген ашты. Ойынның 40-минутта «Қайрат» сапынан Небойша Косович таразы басын теңестіріп кетті. Екінші кезеңнің 67-минутында алматылық Артур Шушеначев өз командасын алға шығарды. Бұдан кейін қостанайлық клуб сапынан Сергей Малый 73, Серікжан Мужиков 75-минуттарда мергендік танытты. Ал 90-минутта алматылық клуб футболшысы Гүлжігіт Алықұлов гол соғып, қайтадан таразы басы теңесті. Негізгі кезең 3:3 есебімен тең аяқталып, кездесу пенальти тебуге ұласты. Бұл жолы «Тобылдың» мерейі үстем болып, қостанайлық клуб финалға шықты.



