КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ КЕРЕК

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың басшылығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде кезектен тыс жиын өтті. Барлық қала, аудан, село әкімдері, түрлі сала басшылары бас қосқан отырыс жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізген шаралары мен жемқорлық деңгейін біршама төмендету мәселелерін қарады. Бірінші баяндаманы облыс әкімінің орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов жасады. _MG_5978– Жыл басынан бері облыста 118 жемқорлық қылмыс тіркелген. Дегенмен, бұл былтырғы жылға қарағанда 15 пайызға кем. Тағы бір назар аударарлығы, қылмысқа барғандардың арасында бірнеше атқарушы орган өкілдері бар. Әсіресе, мәдениет саласындағы заңды белшеден басқандарды айтуымыз керек. Жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін дамыту мен «нөлдік төзімділікті» енгізу арқылы жемқорлықтың алдын алуға болады. Осы ретте БАҚ өте үлкен рөл атқарады, – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.
Ортақ мүддеге айналған жемқорлыққа қарсы мәдениет құрудың амалдары, бірнеше ұсыныстарды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев жіпке тізді.IMG_5987– Жемқорлық әрекеттермен күреске бағытталған Президенттің бекіткен бағдарламасы бар. Оның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа белсене қарсы тұру арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесін одан әрі жетілдіру. Бағдарламада биліктің барлық тармақтары мен азаматтық қоғам институттарының әлеуметтік жұмыстарына баса мән берілген. Жалпы айтқанда, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы кешенді амал-тәсілдерге кадрлық саясат, қызметкерлердің әдептілігін жоғарылату, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сияқты түйіндер кіреді. Осылайша мемлекеттік аппарат, халық және бизнестің өзара байланысқан салаларында сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуға бағытталған шаралар да жүзеге асырылуда.  Аудан, ауыл әкімдерінің қатысуымен жемқорлықпен күрес жөнінде қоғамдық жиындарды жиі өткізіп тұру керек. Бұл қоғамдық дертті жоюға оң әсерін тигізеді деген ойдамыз, – деді төраға орынбасары.IMG_5969Қостанай облысындағы жемқорлық фактілерінің тіркелуі – 19 пайыз. Бұл көрсеткіш бойынша біздің өңір республикада төртінші орында. Құрылыс, денсаулық сақтау және білім саласындағы жемқорлықтың үлесі жоғары. Мектептер мен жоғары оқу орындарында коррупцияға қарсы сауаттылықты арттыру пәндері енгізілді. Алик Шпекбаев жиылғандарға коррупциялық картаны көрсетті. Қазақстан 140-тан 123-орынға көтерілген. Ең төменгі көрсеткіш Канадаға тиесілі. Айта кету керек, Қытайда мемлекет қаржысын жымқырғандар өлім жазасына кесіледі
Қостанайлық шенеуніктер жемқорлыққа байланысты бірнеше бейнежазбаларды көрді. Оның ішінде бұрынғы мемлекеттік қызметкерлер Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелян да бар. Олар қателікке өкініп, бостандықтың, туған-туыстармен қарым-қатынастың қымбат екенін экран арқылы жеткізді.  
Жиынды қорытындылаған Архимед Мұхамбетов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын одан сайын күшейтуді тапсырды.  
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓