Тәжікстанға 2000 көлік жөнелтеді

       «AllurGroup» компаниясы  «Холдинг Азия Групп Таджикистан» компаниясымен өзара іскерлік қарым-қатынас туралы меморандумға қол қойды. Осы маңызды құжаттың аясында ол жаққа JAC және Peugeot маркалы көліктердің екі мыңы сатылатын болды. Оның жалпы құны 24 млн АҚШ долларына бағаланып отыр. Екі жақты келісім «Бәйтерек ҰХБ» АҚ еншілес ұйымы мен KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясының тәжікстандық мемлекеттік органдардың жетекшілері және кәсіпкерлерімен кездесу шеңберінде ұйымдастырылды. Ол Тәжікстандағы ҚР елшілігі мен Транспорт мәселелері жөніндегі Душанбе қалалық төрағасының орынбасары Саидзода Курбон Тагай мырзаның қолдауы арқасында мүмкін болды.20170417_153637_HDR        «AllurGroup» компаниясы келесі жылдың бедерінде  мың жарым Peugeot 301 және бес жүздей  JAC S3 көлігін жөнелтуді аяқтауы тиіс. Бұл көліктер Тәжікстан астанасындағы коммуналдық техникалардың паркін жаңартуға бағытталып отыр.
        Орайы келгенде атап өткен жөн, бұл жоба KazakhExpor-дың қаржылық-сақтандыру қолдауымен жүзеге асырылады. «Холдинг Азия Групп Таджикистан» компаниясы автомобиль және әуе қатынасы арқылы тасмалдауға мамандандырылған. Көлік тасымалына қатысты меморандум Қазақ елі мен Тәжікстан Республикасы арасындағы қарым-қатынас деңгейін арттыруға зор септігін тигізеді.
Әлібек ЫБЫРАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓