Торғынбектің төртінші жеңісі
Жерлесіміз, кәсіпқой боксшы, WBC және WBO белбеулерінің иегері Торғынбек Әміров кезекті жекпе-жегін де жеңіспен аяқтады.

Кәсіпқой бокс кеші 27 ақпанда Алматыда өтті. Осы күні МТК Global Kazakhstan Golden Contraсt ауқымды жобасының жеңімпазы Торғынбектің төртінші қарсыласы Айдын Сихымбаев болды. Төрешілердің ортақ шешімімен жеңіс жерлесімізге берілді.



"Келісім-шарт жасалғаннан бері Алматы қаласында тұрып жатырмын. Негізі, шарт 3 жылға белгіленген, ол тағы 2 жылға ұзартылады. Жоспарлы межені бағындырған жағдайда шетелге, яғни АҚШ немесе Англияға жол ашылғалы тұр. Ол үшін бірнеше жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетуім керек, – дейді Торғынбек.
Оның кезекті жекпе-жегі мамыр айына жоспарланып отыр.