Қостанайда маусым басталды

Облыс орталығындағы әлеуметтік нысандар да біртіндеп жылу маусымын бастады. Бүгін 26 балабақшаға жылу берілді. Бұл туралы Қостанай жылу-энергетиалық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.e17b9ee5ea4b87d1428fe0e65e8fbfdf_crop_l_2_t_0_w_521_h_293Жылуды іске қосу туралы Қостанай әкімдігінің қаулысы әлі шыққан жоқ, дей тұрғанмен қалалықтар бүгіннен бастап маусымды бастай береді. Тек бір ғана шарт бар, үй дайын екендігі туралы акт алған және үйде жылу есептегіш жалпынысандық құрылғы бар болуы керек. Бұл үшін жылуға қосылу туралы өтінішті ПИТК басшысына немесе қызмет көрсету ұйымына тапсырса жеткілікті. 
Қазіргі таңда Қостанайда 1117 көпқабатты үй бар, оның 784-і маусымға дайын екені туралы акт алған.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓