Жеңімпаздармен жүздесті
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Алғыс айту күнін мерекелеу аясында «Х-фактор» тележобасының жеңімпаздары "BRO" дуэтімен кездесті.
Ағайынды Бекболат пен Айдар Жазықпаевтар биыл айды аспаннан шығарып, жобаның бас жүлдесін иеленген еді. Тобыл-Торғай өңірінің намысын абыроймен қорғай білген дарынды әншілерді өткен аптада қостанайлық жанкүйерлері пойыздан сән-салтанатымен күтіп алған болатын. Енді, міне, аймақ басшысы жеңімпаздармен жүздесіп, оларға 3 млн теңгенің сертификатын табыс етті.






Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев