Жас дарындар байқауы

Қостанай облысында XV халықаралық «Алтын микрофон-2017» байқау бастау алды. Дарынды жас әншілерге жол ашып, қолдау көрсетіп келе жатқан дәстүрлі фестиваль алғаш рет 2003 жылы облыстық деңгейде басталған еді. Уақыт өте келе өңірлік, тіптен халықаралық мәртебеге де ие болды. Осы жылдар ішінде «Алтын микрофон» Қостанай облысының көрнекті үлгісі болды. Аталмыш байқауды бағындырған жас әншілер бүгінде өнер әлемінде өз орындарын алып жүр.золотой микрофон
«Алтын микрофон-2017» байқауының қазылар алқасын композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Кеңес Дүйсекеев басқарады. Қатысушылардың байқаулық өнер көрсетуі 25-26 сәуір аралығында сағат 13.00-ден 19.00-ге дейін Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармонияның концерт залында өтеді.
Байқау жеңімпаздарының  Гала-концерті мен олардың есімдері 27 сәуірде белгілі болмақ.
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓