Баж салығын QR-кодпен төлеңіз

Азаматтарға арналған үкімет QR-код пайдаланып мемлекеттік баж салығын төлеуге болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін ұлғайтты. Енді қазақстандықтар мемлекеттік қызметтер ақысын халыққа қызмет көрсету орталықтарында смартфондары арқылы және қас-қағымда төлей алады.
Сіз QR – код арқылы, мысалы, жер учаскелері туралы актілерді жасау және беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, кондоминиум объектілері және жер қатынастары, жылжымайтын  және жылжымалы мүліктер, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы қызметтер үшін төлем жасауға болады.
Қазақстандағы мемлекеттік қызметтер үшін QR-төлем жасау жобасы бірнеше ай бұрын іске қосылды және осы уақыттың ішінде біз тиісті құрылғыны барлық 339 халыққа қызмет көрсету орталығына  орнаттық.
Халыққа қызмет көрсету орталығына барған азаматтар кассаға кезекке тұрмай мемлекеттік қызметтердің ақысын Homebank және Kaspi.kz қосымшасында QR-код арқылы кезексіз төлей алады.
 «Енді белгілі бір қызметке тапсырыс беріп, және төлем жасау үшін  азаматтар менеджерден  QR құрып беруін өтініп, смартфон көмегімен төлемді бір минут ішінде төлей алады. QR коды арнайы бір қызмет үшін және әрбір азамат үшін жеке-жеке жасалатынын айта кеткен жөн », – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының PR менеджері Ярослава Богатырева.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓