КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ

1 наурыздан бастап, 7 күн бойы «жасыл» аймақта тұрған өңірлерде цирктер мен бильярд клубтары, балалар ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды.

Сондай-ақ, спорттық шараларды, жұма намазы мен жерлеу рәсімін өткізуге болады. Бірақ, халықтың аз жиналғаны маңызды. Ал, «сары» аймақтағы өңірлерде жабық базарлар мен сауда үйлерінің жексенбіде жұмыс істеуіне рұқсат етілмек.

Маңғыстау, Қостанай, Жамбыл облыстарынан басқа аймақтарда 1-5 сыныптар, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптың оқушыларын аралас оқытуға мүмкіндік берілді. Аты аталған үш облыстағы шектеудің ұзартылуына білім беру ұйымдарын мониторингілеу барысында санитариялық-эпидемиологиялық тәртіпті сақтамау фактілерінің жиі тіркелуі себеп болғанын айта кеткен жөн.  

Көктемнің алғашқы күнінен бастап Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Украинаға рейстер санын көбейтуге рұқсат етілмек.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓