5 мың грант бөлінеді
Елімізде халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерінің жастарын, теріскейдегі оқу орындарына білім алуға үкімет тарапынан орасан қолдау көрсетіліп отыр. Мамандардың мәліметінше, «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың гранд бөлінеді екен. Оның 4 мыңы жоғары оқу орындарына арналса, 1 мыңы – колледждер үшін.
Осыған орай, 2017 жылдың басынан бері барлық аудан, қалаларда аталған бағдарламаны насихаттау аясында 80 кездесу өткізіліп, оған 8 мыңға жуық жас қатысқан. Сонымен бірге, таяуда өңірлердегі жас түлектер арасында үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізу, жіберуші өңірлерде әлеуметтік жобаны кеңінен ақпараттандырып, таныстыру мақсатында «Серпін күндері» өткізілді.

Оңтүстік аймақтардағы мектеп бітіруші түлектерге Солтүстік аймақтардағы жоғары және кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде білім беруді насихаттауды іске асыру мақсатында 9 облыстағы (Қостанай, Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан облыстары, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Қарағанда, Атырау облыстары) 22 жоғары оқу орнынан және 30 орта арнаулы оқу орнынан өкілдер келіп, облыстың барлық 14 аудан, қалаларында — 4 мың халықпен (ата-ана, ұстаздар, мектеп бітіруші түлектер) кездесу өткізді.