COVID-19: +69 адам

20 ақпанда Қостанай облысында 69 адамнан коронавирус табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қаласының 43 тұрғыны, Рудный қ. – 6, Жітіқара қ.  және Әулиекөл ауданында 5 адамнан, Лисаков қ. – 4, Алтынсарин ауданында – 3, Денисов ауданында – 2, Амангелді ауданында 1 адам індет жұқтырды.
49 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кездеғ 17 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 3 жағдай  стационарға жатар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 62 адамда ауру белгілері болды, 7 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 20 ақпан аралығында COVID-19-ды  11851  адам жұқтырды. Емделіп шыққан адамдардың саны – 10325.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓