“Годзилланы” жер жастандырды

Ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшы, жерлесіміз Жан Кособуцкий WBA International белбеуін жеңіп алды. Кособуцкий "Годзилла" деген атпен танымал нигериялық Онориоде Евариемені жеңді. Бұл туралы  Vesti.kz сайтында жазылды.
Спортшылар Гамбургте өткен кеште бос титул үшін жекпе-жекке шықты. Бокс 12 раундқа есептелген, бірақ мерзімінен бұрын аяқталды. Үшінші раундта Кособуцкий қарсыласын нокдаунға жіберді, ал төртінші раундта нокаутқа түсірді.
Кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген жерлесіміз осымен 15-рет жеңіске жетті және оның он төртін мерзімінен бұрын аяқтады. Ал Евариеме өз мансабында екінші рет тізе бүгіп отыр.
"Мен ұзақ шайқасқа дайындалдым және үнемі нокаутқа түсіруге тырыстым. Солай болды, қуаныштымын. Жалпы, үздіктердің ішінен менімен қарсылас болғысы келетіндермен жекпе-жекке шығуға дайынмын", – деді боксшы жеңістен кейін.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓