Жолаушылар қамы үшін
Тобыл кентіндегі "Ажар" мешітінде сапарда жүрген жолаушылардың аялдауына мүмкіндік беретін орын ашылды.
ҚМДБ бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, жол бойында орналасқан мешіттерде жолаушыларға жағдай жасау тапсырылған болатын. Осыған орай 2021 жылдың басында Қостанай облысында мұны жүзеге асыруға қолайлы деп он мешіт іріктеліп алынған. Бұған дейін Қостанай қалалық мешіті және Рудный қалалық мешітінен арнайы бөлмелер жасақталған еді. Енді олардың қатарына Тобыл кенті қосылып отыр.
"Сапарда жүрген кісілерге жағдай істеу керек, өйткені қазіргі уақыт өте қиын. Сондықтан ұзақ жолдар бойындағы мешіттерде дем басып, аяқ суытуға мүмкіндік бар. Бұл жерден қажетті дәрі-дәрмек, антисептик, бетперде табылады, тіпті шәй-пәй ішуге де қолайлылық жасалып, тоңазытқыш, қсықа толқынды пештер қойылған. Тек бір ескерерлігі – мұнда қонуға болмайды", – дейді Қостанай облысының бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет.