Басты меже – экспортты ұлғайту

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов Қарабалық ауданына іссапармен барып, ауыл шаруашылығы бағытындағы бірқатар нысандарды аралады. Мәселен, аудан орталығымен іргелес жатқан «Терра» ЖШС  облыстағы ірі шаура қожалықтарының бірі. Айтулы серіктестік «Абердин Ангус» атты австралиялық тұқымды ірі қара түрін көбейтумен айналысады. Қожалықтың жетекшісі де кәсібінің бүгінгі аяқ алысына дән риза. Себебі, 12273 гектар жері бар. 3382 бас ірі қара, екі жүзден астам жылқысы және бар. Бүгіндері ата кәсіпті дөңгелетіп, адал нәсібін тауып отыр. Қазақстанның солтүстік аймағын етпен қаматамасыз етіп, көршілес жатқан Ресейге де өнімдерін экспорттайды.  20160607_152758Сондай-ақ, селекциялық асылдандыру үшін мал басына 18 000 теңге, бордақылауға тапсырылған төл басына 24 000 теңге көлемінде субсидия алып отырады.
-Мен осы шаруа қожалығын жыл басынан бері басқарып келемін. Жазға жетіп, аузымыз көкке тиді. Енді түліктерді жайлымға жіберіп, күз айларына дейін азық жинауға кірісеміз. Біздің жақтың қысы қытымыр, бірақ үсік шалып, әлі мал басы кеміп көрген жоқ. Әзірше, 16 ғана адамды жұмыспен қамтып отырмыз, келешекте жұмыскерлер санын көбейту жоспарда бар. Жалақылары да жаман емес. Ай сайын 60 000 теңге. Ең бастысы, айлық уақытылы беріледі. Меншігімізде 3 жүк көлігі, 16 трактор, 3 егін егетін техника бар. Жағдай жаман емес,-дейді Арман Исмурзин.
Қостанай облысы – аграрлық аймақ. Сол себептен де ауыл шаруашылығы қарыштай түсуінің басты назарда ұсталуы заңды. Облыс билігі жергілікті кәсіпкерлерді қолдан келгенше қолдауға қашанда ықтиярлы. Мысалы, «Терра» серіктестігіне жақын шет елдерге өнімдерін тасымалдау үшін бюджеттен қаржы бөлініп, қолдау көрсетілмек.
-Қазіргі уақытта осы «Терра» шаруашылығының тауарларына сұраныс көп. Сондықтан бюджеттен 360 млн. теңге көлемінде қаржы бөліп отырмын. Барлық соманы бір уақытта бере алмаймыз, ағымдағы жылы тек соның жартысын ғана ала алады. Сол қаражатты ақтап шықса, қалғаны да беріледі. Ең әуелгі шаруа – экспортты ұлғайту. Кәсіпорынды кеңейтіп, жергілікті тұрғындарды жұмысқа алу керек. Ауылшаруашылық саласында білім алған қаншама жастар бос жүр. Соларды жұмысқа тартып, жұмыссыздық санын азайтқан дұрыс,-деді облыс әкімі.
Содан соң Архимед Мұхамбетов «Север-АгроН» ЖШС бас сұқты. Бұл шаруа қожалығы да «Абердин Ангус» асыл тұқымды ірі қара түрін көбейтумен айналысады. Алғашқы жылдары жергілікті климатқа үйренісе алмаған түліктер жаппай қырылған болатын. Қазір жануарлар Қостанай жеріне бейімделді. Мал басы қайта көбейіп келеді.20160607_150825Серікестік басшысы Нұрболат Жақсылықұлы кәсібінің жай-күйін облыс әкіміне барынша баяндап берді. Бүгінгі күні «Север-АгроН» ірі қара санын 3094-ке дейін жеткізіп, 30 адамға жұмыс беріп отыр. Былтырғы жылы осы қожалықтың базасында ауылшаруашылығына бағытталған халықаралық жиын да өткен. Бұл жергілікті кәсіпкерлерді желпіндіре түскені белгілі. Өзгелермен тәжірибе алмасқан мамандар мұндай конференциялардың пайдасы зор екенін айтады. Жастардың қызығушылығы артып, ауылшаруашылғына ден қояр азаматтар қатары арта түспек.
Облыс әкімі шарулармен аз-кем сұхбаттасып, бірқатар тапсырмалар да берді. Ол: кәсіп көзін кеңейтіп, экспортты ұлғайту, реті келсе, жастарды осы салаға көптеп тарту.
Мұнан кейін Қарабалық ауданынын әкімі Қанат Ғабдуллин «Көркейе бер, Қостанай!» акциясы аясында аудан көлемінде қолға алынған игі жобаларды атап өтті. Жергілікті кәсіпкерлер қаржысына әлеуметтік нысандар жаңармақ. Атап айтсақ, 4 мектеп, 2 мәдениет үйі және аудан орталығындағы хоккей алаңы жөнделеді. 3 млн. теңгеге су ұңғымасы орнатылады. Екі ауылдық округке апарар тас жолды қалыпқа келтіру де жоспарланып отыр. Тағы бір тоқтала кетерлік дүние, тамыз айының аяғына дейін Қарабалықтағы «Жастар» бульварына толықтай жөндеу жұмыстары жасалады. «Агро Торо» және «Ақ-бидай Агро» ЖШС бірігіп, тозығы жеткен саябақты қалпына келтіруге уәде етіп отыр.
Іссапар соңында А.Мұхамбетов Бөрлі ауылының аймағындағы Михайлов орман шаруашылғы мекемесінің тыныс-тіршілігімен танысты. Онымен қатар, Михайлов қорығындағы қалың орман арасында алқалы жиын өткізді. Мәжіліске Қостанай өңіріндегі орманды алқабы бар аудан басшылары, облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамедов, облыс прокурорының орынбасары, облыстық ТЖД басшысы қатысты. Талқыланған басты мәселе – жасыл желектің жай-күйі. Себебі, бұл орманда «Қызыл кітапқа» енген аң-құс мекен етеді. Михайлов қорығы тікелей мемлекеттің бақылауымен қорғалады. Сонымен қатар, жиында өткен айда Әуликөл ауданындағы орманда болған өрт туралы сөз болды. Одан келген шығын жетерлік, ал кінәлілер табылар емес. Облыс әкімі жазықты анықталған кезде тиісті жаза тағайындауын да ескертті.           20160607_163716Қазіргі таңда тілсіз жауға қарсы жұмыстар пысықталып, құтқарушылар кез келген уақытта өртті залалсыздандыруға дайын тұр. Сондай-ақ, биыл орманды қалыпқа келтіру шаралары да іске аспақ. Қурап, солған ағаштардың орнын тез арада толықтырып, қарағай, қайың сынды ағаштар отырғызылады.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ .
  Суреттерді түсірген автор.   
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓