Күйшілерге марапат

Қостанай облысы бойынша Күйшілер одағы филиалының жетекшісі Батырбек Қасымұлы Байназаров Қостанай облысы Е.Өмірзақов атындағы филармониясының ұлт аспаптар оркестрінің концертмейстері Мұрат Хамитов және филармония жанынан құрылған «Ақжелең» фольклорлық ансамблінің жетекшісі, домбырашы Ыбырай Есжанды «Күйшілер одағы» РҚБ-ның Алғыс хатымен марапаттады.Сонымен қатар, «Күйшілер одағы» РҚБ-ның Құрмет грамотасымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Амангелді ауданының Құрметті азаматы, «Қазына» меценаттар сыйлығының иегері, дәулескер күйші Айтбай Мұздаханов марапатталады. Дарынды домбырашының тиесілі марапаты өзі тұратын Амангелді ауданына жолданып, Құрмет грамотасы өнер иесіне тұрғылықты жерінде табыс етіледі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓