Жұмыс берушілер жалақы көлемін ұлғайтады

Қазақстан Республикасында  жұмыс берушілердің 62 пайызы осы жылы қызметшілерінің еңбекақысы көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Тіпті 75 пайызы айлықты 4-тен 15%-ға дейін өсіруге ниетті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабар береді.kocelek-00
Мұндай деректер арнайы жүргізілген кезекті сауалнаманың нәтижесі бойынша белгілі болды. Бұл науқанды Antal Kazakhstan компаниясы жүргізген. Сөйтіп, жұмыс берушілердің жартысынан көбі биыл тұрмақ, таяу жылдары жұмысшылар қабылдауды тоқтату жоспарлары жоқ екенін айтады. Әйткенмен, былтыр күзде жүргізілген сауалнамамен салыстырғанда, штат ауқымын кеңейтуге ықтиярлы жұмыс берушілер саны 17 пайызға кемігені байқалған. Ал енді қысқарту жүргізуге жұмыс орындарының алты пайызы мәжбүр болып отырғанын мәлімдепті. Сондай-ақ, жаңа қызметкерлерге белсенді іздеу салып, босаған орындарды қайта толықтыру жолдарын қарастырғысы жоқ мекемелердің де пайыз үлесі үлкен. Экономикалық қысылтаяң шақтағы мұндай көріністің болуы қалыпты да. Дей тұрғанмен, көңілге медет ұялатар деректер баршылық.
«Қазіргі қиын-қыстау кезеңде жұмыс берушілер тиімді әрекеттердің ығына жығылып жатқаны сөзсіз. Бірақ, сауалнама қорытындысы көрсеткендей, олар мүмкіндігінше өздерінің қызметшілерін қолдауға тырысатыны байқалды,- дейді Antal Kazakhstan компаниясының директоры А.Ковинская.- Біз қазір желтоқсан-қаңтар айында кеміп кеткеннен бергі жаңа бос жұмыс орындарының ұлғаюшы легін бақылауда ұстап отырмыз. Көбісі қысқартылымның орнын қайта толтырып жатыр. Бұған қоса, штатты кеңейтіп жатқан компаниялар да бар».
Қызметшілер қатарын әсіресе сауда-саттық саласы толықтырып жатқан көрінеді. Сондай-ақ, тағы бір айта кетерлігі, өткен жылдың күз мезгіліндегі көрсеткішпен салыстырғанда, үнем үшін штат аясын тарылтуды жоспарға алғандар саны некен-саяқ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓