26 жол жабылып, 16 бекет қойылды
Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық және облыстық маңыздағы автожолдарды жабу туралы шешім қабылданды.
Дәл қазіргі уақытта 26 тас жол жол жабық. Оның 20-сы облыстық маңызға ие:
-
Әулиекөл – Москалев – Мақсұт – Смайлов ( 0 – 106 км.)
-
Әулиекөл – Диев – Косағал – Ақжол (0 – 130 км)
-
Әулиекөл – Жолдама (0 – 257 км)
-
Қарамеңді – Раздольное – Аралкөл (0 – 163 км)
-
Арқалық – Торғай (0 – 287,9 км)
-
Торғай- Шилі – Аралкөл (0 – 182,6 км)
-
Жітікара – Ливанов (0 – 79 км)
-
Адаев – Орқаш – Аралкөл (0 – 110 км)
-
Қарасу – Қойбағар – Севастопольский (0 – 124 км)
-
Қарасу – Б.Чураков (0 – 114км)
-
Рудный – Қашар – Федоров (0 – 82 км)
-
Тобыл – Әйет – Красносельский – Набережное (0 – 45 км)
-
Әйет – Варварин (0 – 40 км)
-
Лисаков – Қамысты – Қайындыкөл – Краснооктябрьский (0 – 87 км)
-
Қостанай – Введен (Жамбыл ауылынан 97 км-ге дейін)
-
Загаренка ауылына баратын дәліз (0-17 км)
-
Ұзынкөл-Сарыкөл (0 – 79км)
-
Сарыкөл – Большие Дубравы (0- 56к м)
-
Тобыл – Садчиков – Сергеев (0 – 46 км)
-
Архипов ауылына баратын дәліз (0 – 12 км)
Ал алтауы республикалық маңызға ие:
1. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисов-Рудный-Қостанай» А-22 ( Ақтөбе облысы шекарасынан Рудный қаласына дейінгі жолдың 231 – 503 км);
2. «Костанай- Әулиекөл – Сұрған» Р-36 (Қостанай қаласынан Ақмола облысы шекарасына дейінгі жолдың 7 – 232 км.);
3. «Жезқазған – Петропавл» А-16 (Қарагғанды облысы шекарасынан Арқалық қаласы арқылы Ақтөбе облысы шекарасына дейінгі жолдың 252 – 377 км );
4. «Денисов – Жітіқара- Мүктікөл- Ресей Федерациясы шекарасы» А-23 ( Денисов кентінен РФ шекарасына дейінгі жолдың 0 – 161км);
5. «Мамлютка – Қостанай – Красная Пресня — Звериноголовское»;
6. «Мамлютка – Костанай – Пресногорьков — Белоглин».
Мұнымен қоса, 16 қозғалыс шектеу посты қойылды (Қамысты ауданы-1, Жангелдин ауданы — 1, Әулиекөл ауданы — 1, Арқалық қаласы — 2, Науырзым ауданы – 1, Жітіқара ауданы – 2, Денисов ауданы -1, Рудный қ.– 2, Федоров ауданы -1, Амангелді ауданы – 1, Б.Майлин ауданы – 1, Қарасу ауданы — 2).
27 техника және ТЖД мен БЖМ-нің 44 қызметкері жұмылдырылды.
Задействовано 27 единиц техники и 44 сотрудника ДЧС и МПС.
Қостанай облысы ТЖД-нің қосымша күш тобы және құралдар қосымша әзірленіп қойылды, атап айтқанда жүру өнімділігі жоғары 16 техника және жеке құрамның 39 адамы сақадай сай.
Облыстық ТЖД қауіпсіздік мақсатында елді мекеннен ұзап шықпауға, ауа райына қарауға, құтқарушылар кеңесін ұстануға шақырады.
Шұғыл көмек қажет болған жағдайда 112 немесе 101 нөміріне қоңырау шалыңыздар.