Қостанайлық кәсіпкер 100 келіден аса кондитерлік өнім жөнелтті
Қостанай облысында 26 өткізу-тексеру бекеті жұмыс істеп тұр. Олар жергілікті маңызы бар жолдарда ғана емес, көршілес елдермен, облыстардың шекарасына қойылған. Соңғы бір тәулікте бұл бекеттерден бес мыңнан аса көлік, он мыңдай адам өткен.
–Көліктердің облысқа қаншалықты заңды кіріп жатқанын тексереміз. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, көрші әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тасымалдайтын және транзиттік жүк көліктері бекеттер арқылы кедергісіз өтеді, – облыстық ПД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Виталий Цой.
Бекеттерде күні-түні қызмет көрсетіп тұрған полиция, медицина қызметкерлері мен әскерилерге жергілікті кәсіпкер өз ризашылығын білдіріп, жүз келіден аса кондитерлік өнім жөнелтті.
– Осындай қиын сәтте тұрғындардың денсаулығы үшін аянбай қызмет етіп жатқан полицейлер мен дәрігерлерге айтар алғысымыз шексіз. Әрине, бекеттерді күні-түні күзетіп, облыс аумағына кіріп-шығып жатқандарды бақылау оңай жұмыс емес. Сондықтан үнсіз қалмай, кішкене болса да қолдау көрсетуді орынды деп санадық, -дейді кондитерлік цех өкілі Александра Доронина.