Қауіпке қарсы қарекет

Рудный қаласында көктемгі су тасқынына қарсы дайындық басталып кетті. Бұған қала бюджетінің төтенше резервінен 71 млн теңге бөлінген.
Көктемгі тасқын қаупіне қарсы қамдану үшін кешенді жоспар құрылды. Онда кімнің қандай әрекетке жауапты екені нақты көрсетілген. Қазіргі уақытта "Рахат-2018" ЖШС, қала әкімдігімен жасалған келісім шартқа сәйкес, көшелердегі қарды тысқа шығарумен айналысып жатыр. Сондай-ақ, су өткізу қондырғылары мен кәріз жүйелері тазартылуда. Осы бастан 100 тонна құм, 1000 дана қап дайындалған.
"Бөлінген қаржының 4 млн теңгесі оқыс жағдайдың алдын алу және ескерту жұмыстарына жұмсалмақ. Қар ери бастаған сәттен-ақ демалыс және мереке күндері жауапты мекемелер тәуліктік кезекшілік кестесін құрады", – дейді қала әкімі Қуандық Испергенов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓