Кенеге қарсы күрес шаралары басталды

Бүгінге дейін облыс бойынша кене шаққан 27 адам дәрігерге жүгінген, оның 15-і балалар. Әзірге энцефалит және кене боррелиозының расталған жағдайлары тіркелген жоқ. Дегенмен, залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда. Санитарлық дәрігерлер бұл күндері жәндіктерді аулап, оларға зертханалық сараптама жүргізуде.
Улы зиянкестер нақ қазіргі уақытта өте белсенді. Әрі қауіпті жәндіктер әртүрлі жұқпалы ауруларды таратуы мүмкін. Сондықтан мамандар табиғат аясына шығарда қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓