Этнографиялық экспедиция – Қостанайда

Қазан айының алғашқы жұлдызында Ақтау қаласынан авто-экспедиция жолға аттанған болатын. Елдің туристік әлеуетін дамытуда осындай бастаманың маңызды екендігі сөзсіз. 45 күнге созылатын сапар барысында Қазақстанның барлық өңірлерінің білім, мәдениет, туризм және экономикалық ахуалын айшықтайтын шаралар өткізіледі.
– Экспедициямыздың мақсаты – Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы тапсырмалар мен мақсаттарды насихаттау. Елдің әр аймағынан фото мен бейнематериалдар жинап жүрміз. Ол еліміз туралы фотокітап пен фильмдерге енеді.
Қазақстанның тыныс-тіршілігін, көпұлтты республиканың негізін көрсет-кіміз келеді, – деді экспедиция жетекшісі Евгений Рибалко облыс әкімінің орынбасары М.Дәрібаевпен кездесуде.

Экспедицияның қорытындысы бойынша үстіміздегі жылдың қараша айының соңында елордамыз Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен арнайы шара ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Шұға
ҚОҢҚАБАЙ
СУРЕТТЕ: экспедицияға қатысу-шылар.
СУРЕТТЕ: экспедицияға қатысушылар.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.