COVID-19: Тағы 2 адам науқастанды

20 мамырдағы дерек бойынша, Қостанай облысында COVID-19 инфекциясына шалдыққан екі адам тіркелді..  коронавирус дайын фотоКоронавирус инфекциясы облыс орталығында тұратын 1984 жылғы ер адамнан анықталды. Бұрын ауырып қалған адаммен байланысқандықтан, бұл азаматтан сынамалар алынған.  ПТР анализінің қорытындысы науқасқа шалдыққанын көрсетті.  
    Жітіқара қаласында инфекция 1991 жылғы әйелден де анықталды. COVID-19 жұқтырып алған адаммен байланысу мүмкіндігі ретінде бақылауға алынған болатын. Үй карантинде болды. Тексерген кезде коронавирустық инфекция диагнозы нақтыланды.    
        Пациенттер жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.    
    20.05.2020 жылғы жағдай бойынша облыстан COVID-19  инфекциямен 112 адам анықталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓