Ел мүддесі – “Мәңгілік ел”
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Мәңгілік Ел" идеясын қолдау мақсатында "Арқалық қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі" ММ тапсырысы бойынша қалалық "Іскер жастар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Мәңгілік Ел" атты аймақтық форум болып өтті.
Театр алаңында "Менің – Қазақстаным!" атты флешмобпен басталған іс-шара қатысушыларына патриоттық сезімдегі көңіл-күй сыйлады.
Форумға қала әкімі Ғ.Бекмұхамедов, мекеме, ұжым басшылары, жоғары оқу орындарының басшылары, оқытушылары мен студенттері қатысты.
Қалалық ардагерлер кеңесі-нің төрағасы К.Ақан бастаған аға буын өкілдері жастарды отаншылдыққа үндеді. Орта буын өкі-лі атынан "Іскер жастар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Ахметжановқа сөз берілді.
"Мәңгілік ел" ұлттық идеясы алға мақсаттар мен міндеттер қойып, Елбасының тапсырмаларын орындауда жастарға үлкен жігер берді. Ұлы бастаманы жұ-мыла қолдаған жастар жырдан шашу шашып, патриоттық әндер-ді шабыттана шырқады. "Мәңгілік ел" логотипі бар бірыңғай киімдер киіп, әр сөйлеушіден кейін жалынды ұрансөздер айтылды.
Форум соңында қаланың өнерпаз жастары орындаған "Қазақстан" әнін көрермендер қосылып шырқады.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.