Қостанай облысының мәдениет нысандарын дамытуға биыл 4 млрд. теңге жұмсалған.
Бүгінгі күні облыста 733 мәдени нысан бар. Ғимараттардың жаңаруына жұмсалған қаржы көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 16,7 пайызға артқан. Нәтижесінде, мәдени ошақтар жаңара түсуде. Оның сыртында облыста халықаралық, республикалық түрлі байқауларға қатысқандардың саны да көбейіп отыр.