Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы болып тағайындалды

Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.4e9e9a267d57ef1c472127112b53e6e5
***
«К.Қ.Мәсімовті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметіне тағайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлық
Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінен босатылсын.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін.
Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Қазақстан Республикасының
                Президенті                                                              Н.Назарбаев
 
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 8 қыркүйек
                        № 318
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓