Автотізбек Астанаға аттанды
Бүгін, 14 қазанда таңғы сағат 7.30-да Әулиекөл тас жолы бойынан ауылшаруашылық тауарлары тиелген оннан астам жүк көлігі елорданы бетке алды. Облыстың 14 ауданы мен 3 қаласының 74 кәсіпорны өнімдерін 2 күн бойы саудаға қояды.
15-16 қазанда Астана қаласында «Қуатты өңірлер – қуатты Қазақстан» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде Қостанай облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңке өтетіні туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Бүгін бірнеше облыстың өңірінен жиылған жүк көліктері Әулиекөл тас жолы бойында сап түзесті. Атап айтқанда, құрамында Алтынсарин, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Қамысты, Меңдіқара, Науырзым, Сарыкөл, Таран, Федоров, Ұзынкөл аудандары мен Рудный, Қостанай қалаларының кәсіпкерлері бар. Әулиекөл ауданы мен Арқалық қаласы орта жолдан қосылады.
Бүгін бірнеше облыстың өңірінен жиылған жүк көліктері Әулиекөл тас жолы бойында сап түзесті. Атап айтқанда, құрамында Алтынсарин, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Қамысты, Меңдіқара, Науырзым, Сарыкөл, Таран, Федоров, Ұзынкөл аудандары мен Рудный, Қостанай қалаларының кәсіпкерлері бар. Әулиекөл ауданы мен Арқалық қаласы орта жолдан қосылады.
-Егер сақадай сай болсаңыздар, жолдарыңызға сәт сапар тілеймін. Қандай да бір мәселе мазаласа оны айтыңыздар. Қазір көріп тұрғанымдай аманшылықпен кездесейік! Тауарларыңыз татымды, өнімдеріңіз өтімді болсын! Жұмыстарыңыз жылдағыдай жемісті болады деп үміттенемін. Ақ жол сіздерге, – деп лебізін жеткізді Ғауез Торсанұлы.
Автотізбек сағат 7.30 шамасында орнынан қозғалды. Оларға жол-патрульдік полициясы қызметі ере жүреді. Сондай-ақ, барлық жауапкершілік жәрмеңкешілерді бастап бара жатқан ауылшаруашылық басқармасы өкілдеріне жүктелді.
Естеріңізге сала кетейік, облыстың кәсіпорындары 390 тонна көлемінде 100-ден астам өнімдер атауларын сөреге жаяды: малдың барлық түрлерінің еті – 53 тонна, көкөністер – 180, сүт өнімдері – 14,0, шұжық өнімдері және еттің жартылай фабрикаттары – 10, жарма және макарон өнімдері – 15 тонна, нан-тоқаш және кондитерлік бұйымдар – 13, жұмыртқа – 250 мың дана, ұн – 45 тонна. Барлық өнім Астана қаласының нарықтарында қалыптасқан орташа бағадан 15-20 пайызға арзан болады.
Айта кетейік, жәрмеңкенің сыртында астаналықтар Қостанай облысының мәдени мұрасымен де таныса алады. Мәселен, елордадағы Ұлттық мұражайда қостанайлық ақындардың қатысуымен шығармашылық кеш өтеді.


























