Ауыл тынысы басылымда көріне берсін!

IMG_20141013_120837Гүлнар Жұмабаева,
Қамысты ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы:
"Қостанай таңы" – қазақ баспасөзінің қарлығашы. Бұрнағы жылдары бұл басылымда ауданымыздың тілшілері қызмет істеп, ауданымыздың жаңалықтары жиі-жиі жарияланатын. Журналист Сұлушаш Ашабаеваның ауыл, ел тұрмысы жайындағы топтамаларын оқып тұратынбыз. Өмірден ерте кеткен марқұм ақын Мұқан Нұртазиннің де шығармашылығы осы газеттен көрінген-ді. Қазір бұл бәсеңдеп қалды. Енді, міне, ауданымызда Мұқаң – Мұхамеджан Сералин, Би-ағаң – Бейімбет Майлин негізін қалаған "Қостанай таңы" күндерін өткізіп, оқырмандарымен қайта қауышқалы отыр. Біз өте қуаныштымыз. Бұл дәстүрдің одан әрі жалғаса беруіне тілектеспіз! Ауданымыз жайында жаңалықтарды әлсін-әлсін оқып тұрайық, ағайын! Ауыл тынысы басылымда көріне берсін!
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓