“Қостанай таңы”– менің сүйікті газетім!
Қамысты ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы
Ес білген шақтан бері өңіріміздегі ана тілімізде шығатын бірден-бір басылым –"Қостанай таңының" оқырманымын. "Қостанай таңы" – менің сүйікті газетім!
Соңғы уақытта жаңа басшы Жанұзақ Аязбеков келгелі газеттің әр аудан, қалаларда ұйымдастырылып жатқан игі шараларын оқып қуанып қалдық. Сәтін салса, 15 қазанда біздің ауданда да сүйікті газетіміз "Қостанай таңының" күндері басталмақ. Газет журналисте-ріне шалғайдағы ауылдарға атбасын бұрып жиі-жиі келіп, халықпен, оқырманмен кездесіп, дидарласып тұруын тілейміз! Себебі, "газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі" (А.Байтұрсынов). Соны оқырман қауымы сезініп, билік арасындағы көпір екенін ұғыну керек.