Батырдың ауылы іргесі сөгілмеген, ырысы төгілмеген Қарабатыр

Тоқсаныншы жылдардағы аумалы-төкпелі заманда ауыл іргесінің сөгілуіне жол бермеген, бар дү-ниені талан-тараж қылмай, жұртты жұмылған жұдырықтай еткен, қа-зіргі таңда аты аңызға айналған сұңғыла басшы "Қарабатыр" агрофирмасын келешекке үлгі ете білді.
kudaykulovЖәзит Кәрімұлы – ұлт жанашыры, заманымыздың нағыз патриоты. strausТәуелсіздіктің алғашқы жылдары ел нарықтан дағдарып жатқанда, көреген басшы ауылға батыр бабаның есімін алып берді, алғаш болып шетелден қандастарды көшіріп әкеліп, Қараба- тырға қоныстандырды, сол келген ағайынның балалары қаладағы интернатты жағаламасын деп, ауылдан қазақ тілді мектеп ашып берді. Мұсылманшылығымызды әйгілеп, ауыл төрінен мешіт салдырды. Бұның бәрі әлеуметтік, ауыл шаруашылығы салаларындағы жұмыстардың сыртында атқарылған шаруалар. Осындай табандылығының арқасында елге үлігілі болған басшы Елбасымыздың көптеген марапаттарын иеленді.
verbludОблыстық баспасөздің қара шаңырағы – "Қостанай таңы" газеті Қамысты ауданына баратын сапарында Қарабатыр ауылына әдейілеп тоқтамақшы. Оны газет ұжымы үлкен парыз санайды. Нарықтың қиын күндері басылымымыз қаражаттан таршылық көрген уақыттарда Қарабатыр елінің жетекшісі таралымды көбейтуге қол соза білді. Жәзит Құдайқұл – газетіміздің шынайы жанашыры еді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓