COVID-19: +73
14 ақпанда Қостанай облысында 73 адамнан коронавирус табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қ. 29 тұрғыны, Рудный қ.-14, Денисов ауданында – 12, Майлина атындағы, Әулиекөл, Мендіқара аудандарда 5 жағдай, Алтынсарин ауданында – 4 жағдай, Лисаков қ. – 3, Қарабалық және Науырзым аудандарында 1 адамнан індетке шалдықты.
58 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде, 14 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 1 жағдай стационарға жатар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 59 адамда ауру белгілері болды, 14 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 14 ақпан аралығында COVID-19-ды 11435 адам жұқтырды. Емделіп шыққан адамдардың саны – 9780.