БІЗДІҢ ЕЛДІҢ БӘСІ БИІК

Көрмеге келер қонаққа бәрі дайын
 
"Боладысы" баршаны қызықтырған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі санаулы күндерден соң шымылдығын түреді. Еліміз үшін тарихи оқиғаны тамашалауға туристер мен қонақтар ағылады. Ал елордалықтар меймандарды немен қуантпақ? Келімді-кетімді кісілер бұл аймақтан не күтеді? Межелі жоспар орындалды ма? Қазіргі сауал осы. Рас, анау бір күндері ұлттық компания бюджеттік мекеме қызметкерлеріне билетті қинап сатып жатыр деген алыпқашпа әңгіме тарады. Осылайша, дау тудырған ақпаратты компания басшылығы жоққа шығарды. Дегбір қаштыруға дайын кей азаматтар құрылыс жұмыстарының бітпей қалатынын айтып, ғаламторда «сүйінші» сұрасты…Безымянный
Хош! Қазтуғанша айтқанда, азамат ердің баласы мазаққа қалмайық деп, жабыққанды білдірмес-ті. Халықаралық  көрме  күнделікті  көп  шараның  бірі емес. Астанадағы «ақылды қалашық» құрылысшыларының сөзіне сүйенсек, арқа созып жатар кез емес. Уақыт аз, жұмыс көп.exp9
 
Жоспарлы жұмыс жүзеге аспақ
 
Астана қаласының әкімдігі «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің бағдарламасын бір ай бұрын әзірлепті. Қазақстанда теңдессіз «ақылды қала» технологиясы көрме аумағында қолданылмақ. Бұл туралы әр өңірден жиылған тілшілермен өткен мәжілісте «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік Қоғамының IT және жаңа технологиялар департаментінің директоры Владимир Соболев мәлімдеді. Оның айтуынша, көрме экспонаттары ретінде жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы жаңа жетістіктерді жай көрсетіп қана қоймай, заманауи технологияларды инженерлік нысандарда қолдану тәсілі арқылы ұсынбақ.8efa96e7-06aa-4d50-9edb-4fa9a764ec90
Алғашқы жоба – «Ақылды Энергия желілері – Smart Grid » жүйесі. Бұл – елу қосалқы стансаны басқара алатын желі орталығы. Ол энергия тасымалдау кезінде желілердегі шығындарды 30%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Энергия шығынын азайтатын тағы бір жоба қаладағы Бауыржан Момышұлы даңғылында орнатылды. Кәдімгі киіз үйі пішіндес тұраққа аялдап, ұялы телефон мен планшетті қуаттай аласыз. «Ақылды жарықтандыру» инновациялық жобасы арқылы көрменің диодты шамдары автоматты түрде реттеледі. Мұндай жарықтандыру бағаналары 1200-ге жуық. Қала тұрғындары мен қонақтары көрменің ресми ашылу салтанатын және жабылу рәсімін тікелей эфирден тамашалауға мүмкіндік алады. Үлкен LED экрандар «Бәйтерек» монументінің алаңында, қалалық алаңда және Студенттер саябағында орнатылмақ.
Көлік жүргізушілеріне «Ақылды тұрақ» қызметі ұсынылады. Бұл көрме қонақтарына қай жерде көлік қоятын бос орын бар екенін көрсетеді. Сондай-ақ, алдын-ала тұрақ орнын белгілеп қоюға мүмкіндік бар. Жеңіл көлікке 5116 тұрақ орны қарастырылған, оның ішінде 4769 орын QR код арқылы беріледі немесе терминалға төленеді. Бұған қоса, таксиге арнайы – 200 орын, ВИП-автотұрақта 187 орын болады. Ал 147 автобусқа арнайы орын белгіленген. Айтпақшы, Қостанайда IVECO Crossway автобустарының 400-і құрастырылып, көрмеге жіберіледі. Бүгінге дейін осындай 30 автобус елордаға жөнелтілді.  
– Көрме кезінде 110 автобус шет елдерден келген қонақтарға қызмет етсе, 43 көлік оқушыларды тасымалдайды. «Shuttle Bus» деп аталатын 167 автобус 7 бағыт бойынша қатынайды. Бұл автобустарға мінгіңіз келсе, бар болғаны 150 теңге төлейсіз. Басты артықшылығы – жолаушылар автобусқа алдыңғы есіктен кіріп, жолақысын өздері төлейді. Бұл ,бір жағынан, шетелдік қонақтардың кондукторлармен сөйлесу кезінде тілдік кедергі туындамау үшін қолайлы, – деді «Астана LRT» ЖШС жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бейбіт Есжанов.
«ЭКСПО-2017» офистері мен павильондарында «ақылды ғимарат» технологиясы іске қосылады. Бөлмеде ауа тарылмас үшін қанша адам болса, сонша адамға желдету жүйесі өздігінен қосылады. Ал байланыс орталығына Қазақстан Республикасының аумағындағы ұялы байланыс абоненттері үшін және стационарлық телефондардан қоңырау шалу тегін. 120 оператор қоңырау шалушыларға қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде қызмет көрсетеді. Байланыс орталығының жұмысын «Қазақтелеком» АҚ-ның еншілес компаниясы – «KT Cloud Lab» ЖШС қамтамасыз етеді.820e9dbb-a53d-404a-8966-9ef62a0f4349
Соңғы дайындық жұмыстары тек көрме өтетін жерлерде ғана емес, қала бойынша да белсенді жүргізілуде. Халықаралық әуежай мен теміржол вокзалы, Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысы, ЕҰУ алаңынан көрме логотипімен әрленген  архитектуралық пішіндерді көре аласыз. Бұдан бөлек, көрмеге дейін Астана концерт залы, Мәңгілік ел даңғылында, республикалық «Сарыарқа» велотрегінде, Есіл өзенінің жағалауында, «Керуен» СОСО, мемлекеттік рәміздер алаңында қала көркін ашатын құрылыс пайда болады. Арнайы жасалған «ЭКСПО-2017» әткеншектерін цирк ғимаратының маңында тебуге болады. Қала берді, қаланың барлық жерінен көрмені жарнамалаған плакаттар мен билбордтарды оңай кездестіресіз. Құрылыс нысандары – энергияны үнемдеу мен жаңғырмалы энергия көздерін пайдаланудың жақсы мысалы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме аяқталғаннан кейін кейбір нысандар қала меншігіне беріледі.
«Этноауыл» ұлттық-мәдени кешені – көрме қарсаңында құрылған мәдени-туристік бірегей жоба. «Этноауылға» келушілер қазақ халқының бай тарихымен, мәдениетімен және дәстүрімен таныса алады. Мұнда қазақ музыкалық және театр өнері фестивалі, сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік мектептері, қолөнер және көркемөнер көрмелері, этникалық музыка фестивалі, атты-спорт шаралары, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және тағы да басқа шаралар өтеді. Қырықтан астам киіз үй тұрғызылады. Қысқасы, көшпенділер өркениетінің тірлігін көруге, қайнаған қазақы ортаға тап болуға мүмкіндік бар.6c6d5e82e7628a93780c7f94274d6727
 
sam_14332
 
Көрме көркін қыздырар…
 
Көрмеде барлығы жеті жүзге жуық мәдени-бұқаралық шара өткізіледі. Белгілісі – ойын-сауық шаралардың 70 пайызы ашық алаңда өткізіліп, қала шетіндегі тұрғын үй алаптарын қамтымақ. Қала әкімдігі 20-дан астам спорттық шара дайындап қойды. Оның алғашқысы – «Дәулет» спорт кешенінде көркем гимнастикадан Азия чемпионаты, кейін каратэ шинкиокушинкайдан әлем чемпионаты өтеді. Сондай-ақ, елордада түңғыш рет каратэ-до бойынша Азия чемпионаты ұйымдастырылмақ. Көрмесі аясында әлемнің ең мықты мергендері Астанаға ат басын бұрады. Олар 3 тамызда «Алаш» тас жолының бойындағы «Эльдорадо» ату алаңында спортинг (ату) бойынша халықаралық турнир өткізеді.expo2017
Шетелдік меймандар қазақтың ұлттық ойындарымен жете танысады. «Қазанат» атшабарында көкпардан әлем чемпионаты өткізілсе, тоғызқұмалақтан, «Әлем барысы» атты қазақ күресінен халықаралық турнир кезек күтеді. 17 шілдеде үлкен теннистен әлемдік жарыс басталады. «Жібек жолы-2017» халықаралық раллиі – көлік керуенін асыға күтетіндер көп. Ралли өтер кезде елордаға 500 спорттық көлік пен 1,5 мың қатысушы келеді.Отрар сазы
 
Димаш
b0d38d4e97893ee24594414c8b953007
DSC_0239Мәдени шаралардың негізгісі көрменің ашылу салтанатында өтпек. «Ұлы дала дауысы» фольклорлық орындаушылар концерті, «Отырар сазы» мен Құрманғазы оркестрі қонақтар үшін өнер көрсетеді. Ал дүйім ел күткен Димаш Құдайбергенов 27 маусым күні шырқайды. Атақты виолончель шебері Энрико Диндо ҚР Мемлекеттік Академиялық симфониялық оркестрімен бірлесіп 24 маусымда сахнаға шығады. Әлемге танымал Thomas Gould & Mary Bevan, Maurice Steger & The Lautten Compagney, David Fray, Игорь Бутман және Джаз квинтеті, Black Star Party (MOT, Kristina Si, L’One, Timati), Эрос Рамазотти, Limp Bizkit сияқты шетелдік классикалық орындаушылар да көрме көркін қыздырмақ. Ал атақты Дю Солей циркіне билеттер сатылымы басталып кетті. Штаб-пәтері Монреаль қаласында орналасқан дю Солей Циркі – қазіргі таңда ойын-сауық индустриясындағы алып компаниялардың бірі. Цирк әртістері эксклюзивті «REFLEKT» шоу-бағдарламасын дайындады.c
P.S. Халықаралық көрме қарсаңында жасалып жатқан осындай игі істер елордамыз­дың көркін ашып, мәртебесін биіктетері анық. Ал инновациялық қадамдардың көбі ұлттық нақышта орындалып жатқаны да қуантады. Көрмеге қатысатын мемлекеттер өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Ендеше, жаҺандық маңызы бар шараны көппен көрейік!
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓