Көлік ұрлаған күдікті ұсталды
Қостанайда полиция қызметкерлері автокөлік ұрлаған күдіктіні ұстады. "Құрықтау" операциясы бір сағат ішінде жүргізілді.Оқиға 12 ақпаннан 13 ақпанға қараған түні болған. Түн ортасында облыс орталығындағы Ворошилов көшесіндегі ауладан " Ваз 2107 "автокөлігі ұрланған. Иесі бұл туралы полицияға хабарлап, онда белгі бергіш құрылғы жоқ екенін айтқан. Аталған факті бойынша полицияның барлық жасағы дереу жұмылдырылды.
Бірнеше минуттан кейін "Автосураган" автоматтандырылған кешенінің көмегімен көліктің Әуежай шағын ауданында жүргені анықталды, бірақ кейін көлік құрылғыдан ізім-қайым жоғалды.
Криминалдық полиция қызметкерлері осы бағытта орналасқан кенттерді тексере бастады.
Қостанай ауданының Рязанов ауылының маңында полицейлер Алексей Рудаков пен Әділ Қартабаев іздеудегі машинаға ұқсас көлікті көрді. Жүргізуші қызметкерлерді байқап, жылдамдықты арттырып, жасырынуға тырысқан.
Күдіктіні ұстауға басқа іздеу тобы қосылды. Нәтижесінде Қостанай ауданының 22 жастағы тұрғыны Майкөл ауылының маңында ұсталды. Ол көлікті мас күйінде жүргізген. Сол үшін сот оны 20 тәулікке қамауға алуға санкция берді.
Айдап әкету фактісі бойынша ҚР ҚК 200-бабында көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды.