Жарақат алғандар көп

Осы аптадағы облыстың ауа райы мәз емес. Өткен жұма күні ғана жаңбыр жауып, жер-дүние еріп жатыр еді, артынша дереу суытып, дала көк мұзға айналды. Бұл, әсіресе, қала көшелеріндегі қозғалысқа, жаяу жүргіншілерге ауыр соғуда.
Көк тайғақтан жарақат алғандар аз емес. Бүгінде облыстық аурухананың травмотология бөлімі мұзда құлағандарға лық толған.
«Тайғақ басталғаннан бері 500-ге жуық адам түрлі жарақатпен бізге жүгінді. Олар жамбас, мойын, аяқ-қолы мертігіп, басы жарылғандар. Арасында айтарлықтай ауыр деңгейде жедел жәрдеммен жеткізілгендер бар. Тіпті, дүкенге шығып бара жатып тайып құлаған кәрі кісілердің де қатары аз емес. Соңғы күннен бастап жарақат алушылар қатары азайып келеді. Дегенмен біздің бөлімше науқастарға лық толды», – деді облыстық аурухананың травмотолог дәрігері Артем Тисленко.

Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓