Парк техникаға қарық

«Рудный жылу желісі» және «Рудный су арнасы» серіктестіктерінің автопаркі бірнеше жаңа техникамен толықты. Мұнымен кеншілер қаласының әкімі Қуандық Испергенов барып танысты.
Бұл кәсіпорындар өткен жылы мемлекеттік басқарма қарамағына өткен-ді. Енді олар бюджет есебінен қаржыландырылады. Былтыр әуел бастан-ақ қажетті техника сатып алу туралы шешім шығарылған болатын. Олардың алғашқы легі өткен жылдың соңына таман әкелдінді. Ал енді «Рудный су арнасы» серіктестігі «КамАЗ» және «Амкодор» тракторымен, сондай-ақ «Рудный жылу желісі» ЖШС апркі 4 «Беларусь» тракторымен толығып отыр.
Таяу арада тағы да арнайы техника жеткізу жоспарда бар. «Рудный жылу желісіне» автотиегіш, су сорғыш, дәнекерлеу агрегаты және тіркеме сорғысы беріледі. Мұның сыртында тағы 7 техника сатып алу үшін құжаттар дайындалуда. Олардың қатарында арнайы автокөліктер, компрессорлық станция, жүкті өздігімен аударғыш, 40 орындық автобус және басқалар бар. Сонымен қатар, «Рудный су арнасына» да су жаңа 4 техника жеткізілмек.
«Коммуналдық кәсіпорындардың басшылығы алдында қазылып тасталған аумақтар мәселесін шешу міндеті тұр. Сондай-ақ, олар асфальт жабындысын қалпына келтірулері тиіс және жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізуге үнемі, мейлінше ден қоюлары қажет», – дейді Рудный әкімі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓