Қолқаны қапқан көгілдір отын

Кешеден бері Қостанай тұрғындары үйлерінен газдың жағымсыз иісі шығып жатқанына шағым айтып жатыр. Бұрын-соңды болмаған мұндай құбылыстан шошынғандар көп екен. 104 нөмірімен хабарласқанымызда, сала мамандары бізге дейін біраз адамның арызданғанын алға тартты.
«Кешеден бері келіп түскен шағымда шек жоқ. Қаншама тұрғын телефон шалып, қорқыныштарын білдіруде. Тұрғындардың алаңдауына, қауіптенуіне негіз жоқ дегіміз келеді. Бұл жолы біздің өңірімізге осындай сасық газ әкелініпті. Біздің мамандар шағымданғандардың шаңырағына барып үлгіре алмай жатыр. Егер, сіз көп қабатты үйде тұратын болсаңыз мамандарды күте тұруыңызға тура келеді. Біздер қазіргі уақытта тек, жеке үйлерге барып жатырмыз. Әзірге құбырдағы газ жапқышты жаба тұрыңыз,» – деп кеңес берді мамандар.
Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы сасық газға қатысты сауалға «Газтрансаймақтың» ғана жауап бере алатынын алға тартты.
Сонымен, Қосатанайға аяқ астынан келген бұл қандай газ? Оның иісі неге сасық? Мұның адам денсаулығына, тіптен өміріне қауіпі бар ма? Сан сауалға жауап алу мақсатында «Газтрансаймаққа» телефон шалғанымызбен, тұщымды ақпарат ала алмадық. Бұл мәселе біздің назарымызда болады.
 
Айтолқын Айқадамова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓