Өңір басшысы құттықтады

Архимед Бегежанұлы мемлекеттік мереке – Алғыс айту күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. Жиын басында қазақ халқының қонақжайлығын, кішіпейілдігін танытатын театрландырған қойылым ұсынылды. Қостанайлықтарды мерекемен өңір басшысы құттықтады.
WhatsApp Image 2020-02-28 at 16.37.37
– Осымен бесінші рет Алғыс айту күнін атап өтіп отырмыз. Бұл мереке бүкілхалықтық сипатқа ите болды. Алғыс айту күні – ұлттық кодымыздың айқын дәлелі. Қысылтаяң шақта қазақ халқы әр ұлттың бар ауыртпалығын бірге көтерді. Елбасының жетекшілігімен зайырлы елімізді құру жолында талай шаруа атқарылды. Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында ел ішінде қалыптасқан өзара түсіністік пен бір-біріне қолдау көрсету біздің еліміздің, біздің қазақстандық үлкен отбасының рухани қағидаты болып қалыптасты. Бұған өзге ұлт өкілдерінің қосқан үлесі айтарлықтай еді, – деді өңір басшысы.
WhatsApp Image 2020-02-28 at 16.37.32
Архимед Мұхамбетов Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығында атқарған жетістіктеріне тоқталып, аймақтағы халықтар достығы жайында сөз етті.
WhatsApp Image 2020-02-28 at 16.37.33
WhatsApp Image 2020-02-28 at 16.37.38 WhatsApp Image 2020-02-28 at 16.37.37 (1) WhatsApp Image 2020-02-28 at 16.37.35 (1) WhatsApp Image 2020-02-28 at 16.37.32 (1) WhatsApp Image 2020-02-28 at 16.37.31 WhatsApp Image 2020-02-28 at 16.37.35 WhatsApp Image 2020-02-28 at 16.37.42 (2)

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓