Темекі шегу сән емес

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болыпты. Бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Қазақстанда қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен. Зиянды әдеттен арылуға бүгіннен бастап күш салмасақ, темекі талайлардың түбіне жетер түрі бар. Себебі оны тұ-тынған адаммен қоса, тү-тінін жұтқан жан да уланады. Осынау ойды ха-лық арасында насихаттап, құқық бұзушылықтарға "нөлдік төзбеу-шілікті" қалыптастыру бағытында "Нұр Отан" партиясының ҚОФ "STOP-қылмыс" жобасын жүргізуде. Игі істің нәтижесінде жұртшылыққа темекінің зияны туралы түсіндірілді. Сондай-ақ "Қауіпсіз аула" акциясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жобасын талқылауға арналған алты мыңнан астам жиналыс өтті. Міне, аталған іс-шаралар ел ішінде құқық бұзушылықтарды болдырмауға бағытталып отыр.
– Темекінің зиянын біле тұра пайдаланамыз. Оны тұтынған адам өзін улаумен қатар қоршаған ортаны ластайды. Қоғамдағы өзге де құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында "STOP-қылмыс" партиялық жобасы қолға алынды, – деді "Нұр Отан" партиясының ҚОФ баспасөз-хатшысы Инеш Әбілдинова.
Қымбат
ДОСЖАНОВА