Поштаның жөні бір басқа…

9 қазан – "айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған" пошташылардың төл мерекесі.
Қазақстанда бұл мереке тәуелсіздік алғаннан кейін ғана атап өтіле бастады және біздің еліміз Бүкіләлемдік пошта одағына 1992 жылдың 27 тамызында ғана енген болатын.
Адаммен бірге жаралған ақпарат беру, хабар алмасу, сәлемдеме, хат тасымалдау секілді қызметтің бұл түрінің тамыры тереңде жатыр.
почтаҚазақ жерінде де поштаның өзіндік дәстүрлі тарихы бар. Ресми түрде пошта бөлімдері ашылмаған тұста да қазақ даласының о шетінен бұ шетіне хабар жеткізетін арнайы қызметкерлер болған.
Адамдардың үйіне ақпарат, газет және журналдар, сәлемдеме туралы хабарламаны немесе көптен күткен зейнетақыны әкелу – бүгінде мұның бәрі пошташының міндеті болып табылады. Бұл тұрғыда аудандық пошта байланыс торабы халыққа қалтқысыз қызмет жасап келеді. Нәтижесінде елдің алғысына бөленіп, өз еңбектерінің жемісін татып отыр.
Осы орайда аудан әкімінің орынбасары Т.Әубәкіров, білім беру бөлімінің басшысы Н.Сейдахметов, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Д.Әбжамалов пошта қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады.
Түбекбай Ғабсалықұлы аталмыш мекеме қызметкерлерінің бүгінгі таңға атқарып отырған  еңбектеріне толағай табыстар мен жемісті еңбек тілеп, аудан әкімінің алғыс хатын пошта бөлімшесінің операторы Е.Мырзағалиевке табыс етті.
                                                                     Байбатыр АХМЕТБЕКОВ.
 Жанкелдин ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓