Дәрігерлерге қолдау артады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық медициналық форум кезінде Үкімет пен министрлікке, әкімдіктерге 8 міндет жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Медицина қызметкерінің статусын көтеру керек. 2019 жылдың 1 маусымынан бастап бюджет саласындағы кейбір жұмысшылардың жалақысы 30 пайызға дейін көтеріледі. Оның ішінде медицина қызметкерлері де бар. Үкімет Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі Кодексін қайта қарап жатыр. Онда денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін материалдық және моральдық ынталандыру, олардың құқықтарын қорғау, қоғамдағы статусын арттыру қарастырылады. Жоба халық талқысына салынуы керек. Дәрігерлерді қызметінен тыс жұмыстардан және міндетіне кірмейтін артық жүктемеден босату керек. Бұл жұмысты бүгіннен бастау қажет! Кодекс Парламенттің келесі сессиясының аяғына дейін қабылдануы тиіс», – деді Президент Қасым – Жомарт Тоқаев.