Індет жұқтырғандар саны – 88
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бүгін коронавирус індетін жұқтырған бес адам тіркеуге алынды. Оның үшеуі – Нұр-Сұлтан қаласында, ал екеуі – Алматыда.
Осы күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында – 2, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, жалпы 88 науқас тіркелді.