Қытайлық автокөлік өндірушілері Қостанай жеріне келді
Бүгін облыс орталығына ҚХР Джак Моторс Корпарейшн компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Ан Жин мен Бас директоры Се Кайронг бастаған делегация Қостанай жеріне іссапармен келіп, бірқатар кездесулер өткізді.



Естеріңізге сала кетсек, бірлескен өндіріс орнын ашу туралы келісімге биылғы жылдың тамызында өңір басшысы Нұралы Садуақасовтың Ганьсу провинциясынан келген бизнес өкілдерімен кездесу барысында қол қойылған болатын.
Осыған сәйкес Қостанай облысы мен Ганьсу провинциясы арасында ынтымақтастық орнап, бірнеше тың жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік туды. Түс ауа қонақтарды облыс әкімі қабылдады. Екі жақты келіссөз барысында инвестициялық мүмкіндіктері мен өзара байланысты дамыту жолдары және автокөлік өнеркәсібін дамыту мәселелері сөз болды.
Мешіт Ғазиз
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков