Боксит бітті, тіршілік жалғасады
Арқалық қаласындағы Торғай боксит кен басқармасы ресми түрде жабылды. Қазіргі уақытта қалған қызметкерлер белсенді түрде жұмысқа орналасуға тырысуда. Қала әкімінің айтуынша, билік мемлекеттік бағдарламалар есебінен өз кәсіпорындарындағы жаңа жұмыс орындарының санын көбейте алатын жергілікті кәсіпкерлер көмектеседі деп үміттенеді. Бұл туралы Қайрат Әбішев биылғы эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн форматта өткен халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.Ресми деректер бойынша, бүгінде Арқалықтағы Торғай боксит кен басқармасында басқа жұмысқа орналасып үлгермеген тағы 269 адам бар. Олардың екеуі уақытша жұмыс істеп жатса, 26-сы ақпан айының соңында жұмыстан босатылады, ал 79 адам ұсынылған жұмыстан бас тартқан. ERG-дің басқа кәсіпорындарына бұған дейін 189 адам жұмысқа орналастырылыпты."2021 жылдың қаңтар айында ТБКБ қызметінің толық тоқтауына байланысты ERG тобы өкілдерінің, Қостанай облысы әкімінің орынбасарының, Арқалық қаласы кәсіпкерлерінің қатысуымен "Еуразиялық Топ" ЖШС алаңында босатылатын объектілерді ТБКБ-на беру мәселелері бойынша кеңес өтті. Объектілер ТБКБ қызметкерлерін жұмысқа орналастыру шарты қойыла отырып, қайтарымсыз негізде беріледі деп жоспарлануда", – деді Арқалық қаласының әкімі Қайрат Әбішев.Мысалы, әкімнің айтуынша, "Алюминстрой" ЖШС жанар-жағармай нысандарын, технологиялық көлік цехын, жөндеу-энергетикалық жабдықтар мен қойма шаруашылығы учаскелерін алып, жабылған ТБКБ-нің 80 жұмысшысын жұмысқа орналастырмақ. Сонымен қатар, "Еңбек" бағдарламасы аясында Арқалықта төрт жобаға 53 млн теңге шағын несие берілді. "Бастау-бизнес" бойынша 17 Арқалық тұрғынына кәсіптерін дамыту үшін жалпы сомасы 47 млн теңге қаражат берілді, екі көп балалы ана 1 млн теңгеге гранттық қаржыландыру игілігіне қол жеткізді. Жас кәсіпкерлер оңалту орталығы мен білім беретін балалар мектебін ашқан.
Суреттер интернеттен алынды