Баспана бақыты бұйырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» бағдарламасын өңірлерде жүзеге асыру бағытында, бүгін бір мезгілде Астана, Алматы, Ақтөбе, Павлодар және Қостанай қалаларында бірнеше отбасыға пәтер кілті табыс етілді. Ұзақ уақыт бойы тұрғын үйге мұқтаж жандардың осы бір қуанышында шек жоқ. Себебі, олар бұл мейрамды (олар үшін пәтер кілтін алу асқақ мейраммен тең) зарыға тосқан еді.DSCN1243
«Бәйтерек» холдингінің жергілікті әкімдіктермен тығыз жұмыс істеуінің нәтижесінде, Қостанай шаһарының «Арман» тұрғын үй кешенінде 20 пәтер өз иелерін тауып, әр отбасы бақытқа бөленді.
Экономикалық дамуда сыртқы тәуекелдіктерді есепке ала отырып тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту керек екендігін Елбасы өз Жолдауында нақтылап атап өткен еді. Міне, сол тұрғыдан «Қол жетімді баспана» құрылысын әр өңірлерде дамытуға «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» мұрындық болып отыр.DSCN1238
– Осы жылдың наурыз айында тұрғын үйді әлеуметтік жалға беру бағдарламасымен 11 отбасыға баспана бұйырған-ды. Енді бүгін, міне, аталған бағдарлама аясында, Астана күнінің қарсаңында Сіздер де сол қуанышты жайттың куәсі болдыңыздар. Қала бойынша қазіргі таңда 10 мыңнан аса адам кезекте тұр. Біз сол жандардың әрқайсысына дәл бүгінгідей бақытқа ие болуына жағдай жасаймыз. Бұл – Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы басты міндеттердің бірі,- деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов.DSCN1247
Бұдан әрі Ғауез Торсанұлы биылғы жылдың қыркүйек айында тағы да 60 пәтердің үлестірілетінін және аталған компаниямен келіссөздердің жүргізілуі нәтижесінде Герцен көшесінің бойында 6 тұрғын үйдің қаланатынын алға тартты. DSCN1261Сондай-ақ, «Аэропорт» шағын ауданында да бірнеше тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың салынатынын жеткізді.DSCN1259
Салтанатты игі шарада су жаңа пәтердің кілті бұйырған жандардың бірі – жас отбасы.DSCN1269 Үш сәбидің анасы, №11 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ләззат Ералина іштегі бұлқынған қуанышын жасырмады.DSCN1311 Ол Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында жүзеге асып жатқан игілікті іске қолдау білдірген облыс әкіміне һәм қала әкіміне, DSCN1317әсем де кең ғимаратты сапалы салған холдинг басшылығына, әр қаланған кірпішіне қолтаңбасы қалған құрылысшыларға алғысын жеткізді.
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ
Суретті түсірген автор

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓