Жаңа әрі сапалы

"ССКӨБ" АҚ техникалық базасын жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Кәсіпорынның шаруашылық техникалар автопаркі КамАЗ-43118 маркалы бірден екі су тасығыш көлікпен толықты. Олар Қоржынкөл алаында 15 жылдай жұмысқа жегілген ескі УРАЛ-дарды алмастырып отыр.

"Су жаңа көліктердің келуімен таудың су желілері жоқ жерлерінде жұмыс істейтін кеншілердің санитарлық-тұрмыстық жағдайы жақсарады деп ойлаймын. Көліктердің бірі карьерге және әкімшілік-тұрмыстық ғимаратқа ауыз су тасиды, ал екіншісі ұңғылау станоктарды техникалық сумен қамтамасыз етеді", – дейді №17 автотізбек басшысы Евгений Коханчик.⠀Техникалар толық жетекті, жүріп өту мүмкіндігінің жоғарылығымен, карьердің шығу қиын жерлерінен өте алатындығымен ерекшеленеді. Автоцистернасының сыйымдылығы – 10 текше. Оның жылу изоляциясы бар, соның арқасында сұйықтықтың температурасы 10 сағат бойы әрі кеткенде 2°C-қа дейін ғана өзгереді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓