Ту жаңартылды
Өткен жұмада сайтымыздың «Көрген көзде жазық жоқ» айдарында Қарамеңді ауылдық округі әкімдігі мен Науырзым аудандық өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында ілінген тудың тозып кеткені туралы жариялаған болатынбыз. Сенбі күні аудандық ішкі саясат бөлімі тілшімізге тозған тудың орнына жаңа ту ілінгенін хабарлап телефонхат жіберген. Онда: «Сәлеметсіз бе? Бұл Науырзымнан, ішкі саясаттан. Біздегі кемшіліктер жойылды. Өрт туралы жазамын деп келіп, мемлекеттік рәміздерді қозғағаныңыз не? Мақсатыңыз сол болды ма? Мұныңыз не?! Бүкіл облысқа әшкерелеп…», – делінген. Сын түзелмей, мін түзелмейді. Біз айтылған сыннан жедел қорытынды шығарған аудан әкімдігіне ризашылығымызды білдіреміз.