Тариф тұтынысқа енеді

Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімі мамандары маршруттық автобустар жолақысының дифференцияланған жаңа тарифінің қолданысқа енетін нақты уақытын айтты.9 ақпаннан бастап барлық жолаушылар мен қоғамдық көлік жүргізушілері үшін жаңа ереже енгізіледі: жолақыны қолма-қол төлеу құны 80 емес, 150 теңге болады.Бұл жолаушылар толығымен картамен төлеу жүйесіне көшу үшін істеліп отыр. Есетеріңізге сала кетейік, бұл үшін Alem Pay-дың арнайы жасалған және кәдімгі банк картасы керек. Электронды төлем құны 80 теңге болмақ.
Зейнеткерлер мен мектеп оқушылары картаны жеңілдікпен алу үшін "Қазпочта" мекемелерінен тапсырыс беруі тиіс. Айта кетерлігі, егер автобустағы валидатор жұмыс істемей, картамен төлеу мүмкін болмай қалған жағдай тындаса, жолаушылар діттеген жеріне тегін бауға құқылы..

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓