ТӨЛ ТЕҢГЕ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АЙРЫҚША БЕЛГІСІ

Бүгін Ұлттық валюта – теңге күні. Бұл күні төл теңгеміз айналымға шықты. Ал арада төрт жыл өткенде Елбасының Жарлығымен 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. Содан бергі жиырма үш жылда ел тұрғындары теңге күнін атап өтеді.cedf5c33-fe6b-485f-a757-b709538a384e
«Тәуелсіздің біздің ұрпаққа берілген үлкен бақыт. Халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік алған елдің бір айрықша белгісі, ол Ұлттық валютасы. Кез келген егемен елдің рәмізі болатын секілді өз валютасының болуы да заңдылық. Өйткені, Ұлттық валютаны жариялап, оны айналымға шығару тәуелсіздіктің басты қадамдарының бірі болды. Ал теңгенің айналымға шығуы егемен еліміздің қаржылай да тәуелсіз екендігін бүкіл әлемге көрсетті. Ұлттық валюта – тәуелсіз елдің символы ғана емес, оны нақты айқандаушылардың бірі. Бір тармағы деп айтуға болады. Өйткені, төл теңгеміз елдің экономикасын өзі реттеуге мүмкіндік береді және саяси қауқары бар. Біздің де елдік абыройымыз, мақтанышымыз саналатын теңгенің дүниеге келгеніне биыл жиырма жеті жыл толып отыр. Тәуелсіздік таңы енді атқан тұста өз валютамызды қоса шығаруымыз әрине, бұл үлкен жетістік! 1993 жылдың қазан, қараша айында Қазақстан толықтай рубль аймағынан шығып, 15 қараша күні теңге ресми айналымға енген болатын. Отыз жылдық ел тарихында мемлекетіміздің мәртебесін өсіру және экономикасының нығаюуы жолында теңгенің алар орны ерекше. Жиырма жеті жылдық ғұмырында теңге тәуелсіз елдің маңызды рәмізі екенін дәлелдеп берді. Теңгенің болашақтағы қызметіне де сеніміз мол. Ұлттық валютаға сенбеген адам Қазақстанның патриоты емес, ол басқа құндылықтарға тәуелді адам. Әрине, доллар үлкен күшке ие шығар, бірақ, адам өзіне, еліне, өз валютасына сенуі керек. Барша қазақстандықты Ұлттық валюта күнімен құттықтаймын! Еліміздің экономикасы өркендеп, теңгеміз айшықты болып, нығая берсін»,-дейді «Евразиялық банк» АҚ Қостанай филиалының директоры Қырмызы Жаңбыршина.7e32126b-a2af-4c05-8cc1-861385965684
Әлібек Ыбырай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓