Қала әкіміне сауал қойыңыз

2021 жылғы 12 ақпанда сағат 15:00-де бейнеконференц байланыс режимінде Қостанай қаласы әкімінің халыққа есеп беру кездесуі өтеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты ақпарат таратты. 
Сұрақтар мен ұсыныстарға арналған арнайы жәшіктер 2021 жылдың 28 қаңтарынан 10 ақпанына дейін мынадай мекенжайларда орналасады:
– Дмитрий Герасимов көшесі, 4, №29 орта мектеп ғимараты (Әуежай шағ. ауд.);
– Амангелді т. м., Энергетиков көшесі, 12 №30 орта мектеп ғимараты;
– Гастелло көшесі, 15/3 №13 жалпы білім беру мекемесі ғимараты (Киевский);
– Маяковский көшесі, 119 «Мирас» мәдениет үйі ғимараты;
– Қобыланды батыр даңғылы, 28 №2 мектеп гимназиясы ғимараты;
– Белинский көшесі, 5 №122 орта мектеп ғимараты;
– Дружба т.м., Школьная көшесі, 1 Дружба орта мектеп ғимараты;
– Пушкин көшесі, 98, қалалық әкімдік ғимараты.
Сондай-ақ, Сіздер сұрақтарыңызды төмендегі нөмірлер бойынша, аты-жөніңізді, тұрғылықты мекенжайыңызды, байланыс деректеріңізді және электрондық мекенжайыңызды (бар болса) көрсете отырып қалдыра аласыз: 8-7142-57-57-30, 8-7142-57-57-65, 8-7142-57-57-41.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓