Әлеуметтік көмек көрсетілмек

Әлеуметттік жағынан аз қамытлған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында «ВАН» ЖШС миллион теңге бөлді.
6525adb9-54b6-4673-a0bf-4783ebd39d43
 «Nur Otan» партиясының Қостанай облыстың филиалы мен  «ВАН» ЖШС өзара серіктестік жөнінде келісімге қол қойды. Алдағы уақытта «BizBirgemiz» республикалық акциясы аясында қаладағы тағы 50 әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы азық-түлік себеттерімен, қорғаныс және антисептикалық құралдармен қамтылмақ. Осындай игі істің бастамасы болып отырған  «ВАН» ЖШС басшысының орынбасары, армян қауымдастығы өкілі Артур Абрамянның айтуынша, әрбір қазақстандық қиын кезеңде отандастарымызға көмек қолын созуы керек.
265832de-c662-4f2a-add9-fed6d62c3c8e
–«Қазақстан – бұл үлкен бір отбасы. Халықтар достастығы күні аясында біз ел халқын қолдап, қазіргі таңда көмекке зәру жандарды барынша қолдауымыз қажет. Менің ойымша, дәл осындай қысылтаяң кездерде біз бірлігімізді көрсетіп, көмектесуіміз қажет», – дейді Артур Абрамян.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓